Бүгін педагогтерге педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Аттестаттаудың жаңа форматы мен пилоттық жобаның басты мақсаттары, ережелер мен талаптардағы негізгі өзгерістер, құжаттарды тапсыру және кезеңдерден өту ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді.
Педагогтер өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, жаңа жүйенің тиімді тұстарымен танысты.


