Педагогтерге пилоттық жоба талаптарын түсіндіру, кәсіби цифрлық бейінін талаптарға сәйкес қалыптастыруға әдістемелік қолдау көрсету және аттестаттау үдерісіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба аясында аттестатталушы педагогтерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби цифрлық бейіндері қаралып, бағалау критерийлеріне сәйкестігі зерделенді. Құжаттарды талапқа сай рәсімдеу және жетіспейтін материалдарды толықтыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.



