20 қазан – Республика күніне орай №»54 негізгі мектебі КММ» жанындағы шағын орталықтың «Еркемай» ортаңғы тобында «Республика күні – менің Отанымның мерекесі» атты ертеңгілік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Балалардың туған елі – Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет әңгіме, көрініс, тақпақ, ән, бейнеролик көру, ойын түрлері, шығармашылық жұмыс форматында өткізлді.





