Сабақты зерттеу — мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең тиімді тәсілі» тақырыбындағы коучинг

«Егер Сіз педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіз, күнделікті сабақ беру бірқалыпты жалықтырғыш міндетке айналмасын десеңіз, әр мұғалімді табысты зерттеуге жетелеңіз»

В.А.Сухомлинский

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді тәсілі бұл «Сабақты зерттеу». Сабақты зерттеу — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Сабақты зерттеу жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобынан тұрады.
Коучинг мақсаты: Сабақты зерттеу тәсілі бойынша түсініктерің кеңейту, іс-тәжіибелерімен бөлісу арқылы тәжірибеге енгізу.
Сабақты зерттеу — оқушыға сапалы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

"№54 негізгі мектебі" КММ