Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

Мектептегі тамақтандыру

2025-2026 оқу жылында Бракераждық комиссия өз жұмысын жалғастырды. Мектеп асханасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, ыстық тамақтың берілуін ұйымдастыру, мектеп асханасында санитарлық нормалардың сақталуы, қоймалар мен қызмет көрсету сапасы тексерілді.

Мектеп асханасы- дені сау ұрпақ кепілі! Бүгін мектептің бракераждық комиссиясы асханада дайындалған тағамдардың сапасы мен санитарлық талаптардың орындалуын тексерді. Комисся мүшелері ыстық тамақтың сапасын ,тағамның дәмін, асхананың тазалығын бақылап, өз қорытындысын жасады.

16 қаңтар күні №54 негізгі мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында дайындалған тағамдардың сапасы, дәмі, және сыртқы көрінісі тексерілді. Асхананы тексеру барысында тамақ өнімдерінің сапасына, тамақтарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзіміне, мектеп асханасының талапқа сай жүргізілуі тексерілді. Тексеру нәтижесінде тағамдардың санитарлық талаптарға сай екені анықталды. Асханадағы тамақтану сапасы жақсы деп бағаланды.

"№54 негізгі мектебі" КММ