Тарих, әдебиет және тіл сабақтарында ЖИ (Жасанды интеллект) технологияларын кіріктіру жолдары қалай жүзеге асады?
Бүгін мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспарға сай кезекті отырысы өтті!
Отырыстың басты тақырыбы — заманауи білім беру үрдісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және оны гуманитарлық пән сабақтарына кіріктіру жолдары.
Отырыс барысында не талқыланды?
- Тарих сабақтарында: Тарихи оқиғаларды ЖИ арқылы визуализациялау және интерактивті тапсырмалар құру.
- Әдебиет пен тіл сабақтарында: Мәтінмен жұмысты жандандыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту және оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге арналған нейрожелі құралдарын қолдану тәжірибесі.
- Педагогтер өз сабақтарында қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Заман талабына сай оқыту үрдісін жаңартып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру — басты мақсатымыз! 🚀
