Тиімді сабақ: оқу мақсаты, оқыту әдістері және күтілетін нәтиже

Тәжірибе тарату

📚 МЕКТЕПІШІЛІК ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Тиімді сабақ: оқу мақсаты, оқыту әдістері және күтілетін нәтиже» тақырыбында мектепішілік тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқу мақсатын нақты айқындау, оған сәйкес тиімді оқыту әдістерін таңдау, күтілетін нәтижені жоспарлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қысқа мерзімді жоспардың құрылымы, оның негізгі бөлімдерінің өзара сабақтастығы, оқу мақсаты мен сабақ кезеңдерінің сәйкестігі қарастырылды.

Педагогтер сабақ сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

✨ Тиімді жоспарлау – нәтижелі сабақтың негізі, ал тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың маңызды қадамы!

"№54 негізгі мектебі" КММ