Үлгілік бағдарлама оқу-жұмыс бағдарламасының негізін құрайды және авторлық оқу бағдарламасын құрудың бағытын нұсқайды.

Авторлық бағдарлама – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін автордың педагогикалық шығармашылығының нәтижесі.

Педагог-сарапшы санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Ж.К.Раманкулованың «Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы» тақырыбында авторлық жұмысы.

Ұстаздың авторлық еңбегі оқу бағдарламасына негізделе үлгілік бағдарламамен сабақтастықты ескере отырып құрастырылған. Мақсаты бастауыш буын оқушыларының бойында тек кітап оқуға деген қызығушылықты ояту ғана емес, ең бастысы мәтінді сауатты оқуға үйрету. Бағдарламада сауаттылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар білім алушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырумен қатар өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, сыни ойлауларына шешуші рол атқарады.

Бүгінгі күні педагогтар үшін өзара кәсіби тәжірибелерін таныстыру, өз қызметтерін талдау және сараптау өте маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтау – педагогтің өзіндік тәжірибесін тарату және өзін-өзі жетілдірудің бір түрі болып табылады.

Осы мақсатта мектеп педагогтері өздерінің озық тәжірибелерін халықаралық, республикалық деңгейлерде таратуды және тәжірибелерімен бөлісуді үздіксіз жалғастырып келеді.

Педагог-сарапшы санатындағы ағылшын тілі пән імұғалімі С.К.Камалованың білім беру қызметкерлеріне арналған халықаралық ғылыми—практикалық тамыз конференциясында «Жасанды интеллект және білім беру» тақырыбында еңбегі халықаралық және республикалық жинақтарда жарияланды.

Аталған еңбекте педагог ақпараттар ағыны дамыған заманда адамзаттың білім алу мүмкіндігі мен қабілетін тың деңгейде білім алуға және алған білімін барынша тиімді, қажетіне жаратуға мүмкіндік беретін жүйе екендігіне басымдық таныта келе адамзаттың алдағы жүз жылдықта кең қолданатын, сол арқылы дамудың жаңа деңгейіне жеткізетін білім құралы екендігіне тоқталған.

"№54 негізгі мектебі" КММ