Жайдарлы жаз келді 2023-2024ж

Жазғы демалыс – балалар үшін көптен күткен уақыт. Демалысты қауіпсіз және қызықты өткізу – педагогтардың міндеті. Педагогтар мен ата-аналар демалыс кезінде оқу бітпейтінін, әлеуметтенудің, білім беруді жалғастырудың белсенді кезеңі басталатынын түсінеді. Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. Балабақшаның жаз кезіндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер: Салауатты өмір салты – қызметтің кез келген саласында, үйде, демалысты белсенді болудың негізі. Денсаулықпен ерте жастан айналысқан маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді.

"№54 негізгі мектебі" КММ