Бүгін мектебімізде гуманитарлық бағыт мұғалімдерінің (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және тарих пәндері) қатысуымен Қоғамдық-гуманитарлық бірлестіктің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
🔹 2026-2027 оқу жылының негізгі міндеттері белгіленді;
🔹 Тамыз конференциясында айтылған жаңа өзгерістер мен жаңашылдықтар талқыланды;
🔹 Алдағы пән апталықтары, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсы мен пәндік олимпиадаларға дайындық жоспары пысықталды.
Берік бірлік пен шығармашылық ізденіс бар жерде үлкен нәтиже болатыны сөзсіз. Әріптестерімізге жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, толағай табыстар мен оқушыларымызға биік белестерді бағындыруды тілейміз! 🚀
