Мектебімізде білім беру үдерісінде Жасанды интеллектті қолдану жұмысының жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу жұмысы өткізілді.
Отырыстың мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сөз мәдениетін дамыту, дұрыс әрі сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері Ж.К.Раманкулова мен С.М.Самарбаева заманауи технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллект құралдарының тіл дамытудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жаңа идеялар ұсынылды. Жауапты Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі.


