Жасанды интеллекттің тіл үйретудегі рөлі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріндегі ортақ тәсілдер мен құралдары

10 желтоқсан күні «№54 негізгі мектебі» КММ-де «Жасанды интеллекттің тіл үйретудегі рөлі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріндегі ортақ тәсілдер мен құралдары» тақырыбында қалалық семинар сәтті өтті.
Білім мен технологияны ұштастыра отырып, үштілді оқытудағы заманауи тәсілдерді жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда мектебімізде жасанды интеллектті оқу үдерісіне тиімді енгізу мақсатында жоспарланған тәжірибе алмау семинары * өз деңгейінде ұйымдастырылды.
🔹 Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданудың жолдарын ұсыну, үш тілді оқытудағы ортақ цифрлық әдістер мен платформаларды таныстыру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

👩‍🏫 Семинар барысында «BILIM QAZYNA» КММ әдіскерлері Б.Т.Ералина., Р.Г.Темирханова семинарға қатысым жасап, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. «№54 негізгі мектебі» КММ директоры Т.Ш.Омаргалиев ашылу сөзін сөйледі. Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р.Б.Бижанова семинар мақсаты мен мектеп тарихына шолу жасап, қатысушыларды таныстырса, үш пәннің пән мұғалімдері Р.Б.Бижанова., С.К.Камалова., Ш.Б.Ерғали өз тәжірибелерімен бөлісіп, ChatGPT, QuillBot, Grammarly, AitysAI, Google AI секілді платформалар арқылы тіл үйретудің жаңа әдістерін көрсетті;

  • Практикалық бөлімде қатысушыларға ЖИ құралдарын қолдана отырып, оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері ұсынылды;
  • Абай шығармашылығымен ұштастырылған әдеби-танымдық кеш оқушылардың шығармашылық қабілетін көрсетумен ұштастырылды. .

📌
. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тілдік пәндермен интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.

💬 Семинар жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға кәсіби серпін сыйлады.

"№54 негізгі мектебі" КММ