“Жазғы мектеп” жұмысын ұйымдастыру бойынша психологиялық жұмыстарға анықтама

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша 27.05-31.05.2024ж аралығында психологиялық жоспар құрылды. Әр күннің 10 минуттық үзілісінде өткізілді. Барлығы 25 оқушы қатысты. “Тимбилдинг”, “Жұмсақ шеңбер”, “Кім екенін тап”, “Додекаэдр”, “Асфальттағы сурет” т.б тренинг, ойын, жаттығулар өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жақсы көңіл-күй орнату, топты біріктіру, команда қалыптастыру, топта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушыларға әр жаттығу, тренингтің аты, нұсқауы айтылып отырды. Ойын, тренингтер далада, ашық алаңда өткізілді.

Қорытынды: оқушылар барлық ойын, тренингтерде жақсы көңіл-күймен, ауызбіршілікпен, қызығушылықпен қатысты. Әр жаттығудан кейін алған әсерлерімен бөлісіп отырды.

Ойындар сәтінен:

Өткізген педагог-психолог: Қоқымбаева И.Б.

"№54 негізгі мектебі" КММ